«Инвестицияның орнына - тариф»: Президент жаңа тарифтік саясат ұсынды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тарифтерді қолдан тежеудің орнына жаңа тарифтік саясат енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Елімізде электрмен жабдықтау желісінің үштен бірінің, жылу коммуникациясының 57%-ының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Бұл сандардың өзі-ақ нақты ахуалды көрсетіп тұр», - деген Президент тарифтерді қолдан тежеу ауық-ауық іркілістерге, аварияларға соқтырып, соның кесірінен азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп тууы мүмкін екенін еске салды.

«Монополиялы нарықтарда «Инвестицияның орнына тариф» атты жаңа тарифтік саясатқа көшу қажет.

Желілер мен қуаттардың тозу көрсеткішін кемінде 15%-ға дейін төмендету керек», - деді Мемлекет басшысы.

Новости партнеров