Мемлекет басшысы орта мектептерде қай пәндер күшейтілуі керегін айтты
ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары сыныптарда қай пәндер күшейтілуі керегін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдап, мұғалімдердің құзыреттілік шеңберін әзірлеу қажет. Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, орта мектепте жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейту маңызды", - деді ол.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдері шешуші рөл атқаратынына сенімді екенін айтты.
"Кейінгі жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, бұл бағытта әлі де оң өзгерістер қажет", - деді Мемлекет басшысы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37