|
09.09.2022 | 15:04
532

Cтуденттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті – Бақытбек Жұмабаев

Қалалық мәслихат депутаттары Жолдауды қолдайды

Cтуденттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті – Бақытбек Жұмабаев Almaty.tv

Мемлекет басшысының Жолдауында елдегі білім сапасы мен студенттерді жатақханамен қамту мәселесі көтерілген еді. Логистика және көлік академиясында бас қосқан мамандар тақырыптың әлі де өзекті екенін алға тартып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатысушылардың айтуынша, ЖОО-ның негізгі міндеті – студенттерді сапалы біліммен ғана емес, баспанамен де қамтамасыз ету. Ал жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы бұл Жолдаудағы негізгі басымдық берілген салалардың бірі болып отыр

«100 мың жасты жұмыспен қамтамасыз ету, оның ішінде жаңағы пайыздық кредит беру, жеңілдету. Себебі қазіргі жастар дамып, бизнеспен айналысып, өсіп-өркендегісі келеді. Президенттің алға қойған жоспары. Жұмыссыздықтың жолын жою ғой», – деді қалалық мәслихат депутаты Бақытбек Жұмабаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир