|
17.03.2022 | 15:20
575

Президент Парламенттің жұмысына қатысты пікірталасқа нүкте қойды – Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы жыл соңына дейін 20-дан астам заң қабылдау керек екенін алға тартты

Президент Парламенттің жұмысына қатысты пікірталасқа нүкте қойды – Мәулен Әшімбаев Фото: Егемен Қазақстан

Мемлекет басшысы Парламенттің жұмысына қатысты қоғамдағы түрлі пікірталасқа біржола нүкте қойды. Бүгінгі Сенат отырысын Президенттің жолдауынан бастаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алда үлкен мақсаттар тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осылайша, төраға жыл соңына дейін 20-дан астам заң қабылдау керек екенін алға тартты.  

«Мемлекет басшысы әділетті және құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында Конституциялық сот құруды ұсынды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын жаңғырту ісіне де көңіл бөлінді. Жолдауда дағдарысқа қарсы шараларды әрі қарай белсенді түрде жалғастыру бойынша да нақты тапсырмалар берілді», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат қос азаматтыққа шектеу қоятын құжатты қабылдады. Құжат ақпарат алмасудың құқықтық негізін анықтайды. Мысалы көші-қон есебінде тұрған адамдарды, шетелдіктердің елге келуге болатыны жайлы, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады.  

«Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның кім екенін, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету аясында пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпараттарды өкілетті органдар сұрау салу арқылы алады. Жауап мерзімі екі айдан аспауы тиіс», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир