Нұр-Сұлтанда «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті

Нұр-Сұлтанда «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті
Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті.  Аталмыш шараның салтанатты ашылуына арнайы ҚР БҒМ вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Өте Дархан Ермаханұлы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.



«Білім және денсаулық-2022» көрмесінің ашылуында алғаш болып сөз алған ҚР БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова: «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 – Балалар жылы деп жариялағаны баршамызға аян. Осы мақсатта оқушыларымыздың тың бастамаларын қолдауға дайынбыз. Жалпы балалардың ғылымға, білуге, жаңашылдыққа құштарлығы қуантады. Бүгін осы көрмеге жиналған оқушыларымыздың әр жұмысы – үлкен жетістік» - деп сөзін түйіндеді.


Ал «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте «Ел болашағы жастарымыздың бұл алғашқы қадамы әлемдік ірі ғылыми жобаның ашылуына сеп болады. Осындай талапты жастың білімін жетілдірген ұстаздар қауымына алғыс білдіремін».

Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың. Әсіресе балалардың ғылыми жобаларына қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақтары әр стендтің жанынан шықпай бар ынтасымен тыңдап, суретке түсірді. Көрмеге «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «Білім орда» ХҚҚ қарасты бірқатар мектеп-лицей оқушыларының жұмыстары қойылды.

Жалпы соңғы уақытта ұлттың саулығы өте өзекті тақырып. Дүние елдері ұрпақтың білімді һәм дені сау болуына басты назарды аударып отыр. Көрмеде де оқушылар замандастарына зиянды әрекеттен аулақ болуына, салауатты өмір салтын ұстануына үн қосуды өз жобалары арқылы көрсетті. Сондай-ақ соңы технологиялар бойынша түрлі инновациялық жобаларды құрастырып, уақыты мен білімін арнаған оқушылардың еңбегі көпшілік көңілінен шықты.

Новости партнеров