|
03.09.2022 | 16:21
329

Алматылық профессор Жолдау жайында - ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлуде

Ақылбек Жұмагелдиевтің айтуынша, өнім сапасын жақсартатын уақыт келді

Алматылық профессор Жолдау жайында - ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлуде Almaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚазҰАЗУ профессоры Ақылбек Жұмагелдиев Жолдауда  ауыл шаруашылығының дамуына көңіл бөлінгенін атап өтті. 

"Жолдаудың ерекшелігі - ауыл шаруашылығына көңіл бөлінуінде. Бұл жердегі басты мәселелердің бірі де сол, мал шаруашылығын дамытып жатырмыз. Сонымен қатар енді оны тек шикізат күйінде ғана пайдаланып қоймай, ары қарай өнімге айналдырсақ. Өнімнің сапасы маңызды. Шет елдер ашылғалы бері ол жақтан көп өнім келіп жатыр. Мысалы, өзіміздің өнімнің көпшілігі бәсекеге шыдас бермей жатыр. Өнімнің сапасын жақсартатын да уақыт келді.  Қанша уақыт болды өнімді өндіріп жатырмыз. Оған жаңа инновациялық құрылғылар мен жаңа әдістерді қолданып жатсақ, нұр үстіне нұр болып, одан да сапалы өнім алатынымызға сенімім мол", - деп пікірін білдірді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир