|
02.09.2022 | 16:36
553

Бытырап жатқан деректер бірыңғай цифрлық платформада біріктірілетін болады - Бағдат Мусин

Қ.К.Тоқаев Жолдауында күрделі проблемаларды шешудегі цифрландыру саласының рөлін атап өтті

Бытырап жатқан деректер бірыңғай цифрлық платформада біріктірілетін болады - Бағдат Мусин inbusiness.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында күрделі проблемаларды шешудегі цифрландыру саласының рөлін атап өтті. Соның ішінде жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру керек екенін айтты.Сондай-ақ 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізілетінін мәлімдеді", - деп жазды министр.

Бағдат Мусин осы бастамалар аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктірілетінін, олар түсінікті, дәл және проактивті болатынын айтты.

"Сонымен қатар ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына салықтық жеңілдік жасалып, оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді. Президент өз жолдауында сот жүйесіне ерекше тоқталды. Мысалы, қазір цифрлық талдау жасайтын құрал әзірленуде. Сол арқылы сот төрелігін атқару ісін біріздендіруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік қолдау көрсетілетіндерді анықтайтын жүйені автоматтандыру мәселесіне назар аударды. Қазір біз скоринг нұсқасында қалыптастырылған жүйе жасау мүмкіндігін әзірлеп жатырмыз", - деп толықтырды ол.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылық жерлері, су ресурстары, ирригациялық жүйелер мен көлікке қолжетімділік жағдайы туралы бытырап жатқан деректер бірыңғай цифрлық платформада біріктірілетін болады.

"Геологиялық ақпараттардың бірыңғай деректер банкін жасау жұмыстарын аяқтау арқылы осы саладағы инвестклиматты жақсартуға және үдерістерді ашық жүргізуге жол ашамыз. Игерілмеген немесе заңсыз берілген жерлер тақырыбы да көтерілді. Бұл орайда жерді қайтару және есепті ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Әрине, бұл процестердің барлығы Цифрлық даму министрлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Жолдауда айтылған бағыттар бойынша біз жұмысты жандандырып, жаңа міндеттерді орындауға дайынбыз", - деп атап өтті Мусин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир