Ә. Қайырбеков: Баланың шотына бөлінген қаржы - ұрпақ болшағына жасалған қамқорлық

Almaty.tv
Almaty.tv
Ақын 18 жасқа дейінгі балаларға қаржы бөлініп отыратыны қоғамды елең еткізер жаңалық болғанын айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әбілғазы Қайырбеков те Ұлттық қордың инвестициялық бөлігінен 18 жасқа дейінгі балаларға қаржы бөлініп отыратыны қоғамды елең еткізер  жаңалық болғанын айтады.

«Теңіздің дәмі – тамшыдан» дейді. Жалпы жолдауда көп мәселе қамтылған. Соның ішінде Ұлттық қордың инвестициялық бөлігінен 18 жасқа дейінгі балаларға қаржы бөлініп отыратыны үлкен жаңалық болып қабылданып отыр. Кезінде Кеңес дәуірінде ауқатты адамдар, жағдайы жақсы адамдар өздерінің балалары дүниеге келгенде 18 жасқа дейін жеке шот ашып қойып,  соны кейіін 18 жасқа толған бала алатын жағдай болған. Бірақ ол жеке адамдардың ғана жасап отырған қамқорлығы. Ал мына жерде мемлекет жасап отыр. Мемлекет тарапынан ұрпақтың болшағы үшін, келешегі үшін жасалған қамқорлық деп түсінеміз», – деді Әбілғазы Қайырбеков.

Новости партнеров