Ақынның айтуынша, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару шешімі көңілінен шыққан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегмановтың айтуынша, Жолдауда халыққа қарай оң өзгерістер бар. Әсіресе, жекеменшік бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару шешімі көңілінен шыққан.
«Негізінен халыққа қарай оң өзгерістер бар. Біріншіден, сәбилердің, балалардың 18 жасқа дейін Ұлттық қордан ақша аударып тұратын жөніндегі шешімі маған ұнады. Екіншіден, бізде қазір Қазақстанда жол мәселесі өткір. Жолда көп жүреміз. Жергілікті жердегі жолдардың бәрін, жол мәселесінің 95 пайызын 2025 жылға дейін жөндейміз деген нақты шешімі де ұнады. Сосын шаруашылықтағы 10 миллионға дейінгі бос жатқан жерлерді, түрлі жолдармен алып алған жерлерді биыл, келесі жылдың соңына дейін мемлекетке қайтадан қайтару жөніндегі шешімі қатты ұнады», – деп Жолдаудың өзіне ұнаған тұстарын атап өтті ақын.