Жазушы қаңтар оқиғасын тудырған әлеуметтік жағдайды шешуге жаңа заңдар жол ашады деп сенім білдірді
«Кеткен кемшіліктерді жөндеу үшін заң жөнделуі керек». Белгілі жазушы Смағұл Елубай Жолдауда Конституцияға мән берілгені қуантты дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өйткені мәселелердің түпкі себебі заңға келіп тіреледі. Жолдауда Ата заңның 30-дан астам бабына өзгеріс енеді делінді. Сондықтан қаңтар оқиғасын тудырған әлеуметтік жағдайды шешуге осы жаңа заңдар жол ашады деген сенім білдірді.
«Заңды аяқ асты ету фактілері көзге көрінді. Президент айтпақшы бүкіл елдің жарты байлығы 162 адамның қалтасында деді. Және оны қайтару шаралары үкіметке тапсырылды дегенін білеміз. Міне осының бәрі заңды белден басуда кеткен қателіктер еді», - деді жазушы, драматург Смағұл Елубай.