Есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп жатыр

01.09.2022 22:44

Мемлекет басшысы өз Жолдауында соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есеге дейін артқанын айтты

Almaty.tv

Есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Мемлекет басшысы өз Жолдауында соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есеге дейін артқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастаған. «Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осыған сәйкес, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажеттігін айтты.

«Бізге қатыстысы құқық қорғау мәселелерін айтып өтті. Бұл проблемалар бәріне мәлім, айқын. Өзіміздің қолымыздан келгенше қызметтік барысында синтетикалық, нашақорлықпен байланысты айтылған проблемаларға атсалысамыз», – деді ҚР Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басқарма бастығы Батырбек Мүсірепов.

Сондай-ақ  Президент - құқық қорғау органдарын реформалау туралы да айтты. Бұл сала әрдайым көпшіліктің жіті назарында. Себебі, қоғамның ішкі тәртібі халық қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Бүгін Президент Жолдауын тыңдаған Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мамандары да «бұл бізге артылған үлкен жауапкершілік» деді.

«Қызметке көзқарасымыз дұрыс болу, батылдық таныту, халқымыздың ішкі тәртібін қорғау мақсатында үлес қосу –  Ұлттық ұланның қызметкерлеріне өте маңызды. Осыны анық айқындап өтті. Бізге Үкіметің, Президенттің сенімі», – деді  ҚР Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары Бекайдар Қазкеев.