Денсаулық сақтау саласындағы жүйені қайта қарау мәселесі талқылады

21.09.2022 00:35

Мәселе Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған

Дүйім ел сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмейді. Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да айтты. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында дәрігерлер денсаулық сақтау саласындағы жүйені қайта қарау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Елімізде медициналық көмек екіге бөлінеді. Бірі – мемлекет кепілдік беретін көмек болса, екіншісі - сақтандыру пакеті. Дегенмен бұл жүйенің тиімділігі төмен болып тұр», – деді Президент өз Жолдауында.

Іс-шара «AMANAT» партиясының Алмалы аудандық филиалының бастамасымен өтті. Депутаттар ақ халаттылармен кездесіп, жан-жақты пікір алмасты.

«Медицина саласына келсек, Жолдаудағы денсаулыққа тиісті тақырыпты талқылаймыз. Оның ішінде мына Қазақстандағы 32 ауданда жаңадан медициналық мекемелер ашылып, ішіндегі жабдықтардың барлығы жаңартады. Соның барлығы біздер осы медициналық ұжыммен кездескен кезде соны талқылаймыз. Ерікті сақтандыру мәселесіне сөз болад», – деді «AMANAT» партиясының мүшесі Махамбет Асабаев.

Теги: жолдау