|
03.09.2024 | 21:34
408

Жаңа әуежай: Жолдау жүктеген міндет қалай жүзеге асады

Көктегі жол арқылы жылына 150 мың тоннаға жуық жүк жөнелтіліп келеді

Жаңа әуежай: Жолдау жүктеген міндет қалай жүзеге асады Almaty.tv

«Агроөнеркәсіп кешендерін тікелей субсидиялаудан арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу керек». Кезекті Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай міндет қойды. Президенттің сөзінше, көзбояушылықпен қазынадан қаржы алу сала дамуын тежеп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен агросекторда ең бірінші қолға алынған шаруа – статистикалық деректерді нақтылау. Қазір министрлікте арнайы комиссия құрылған. Жұмыс тобы мал басын анықтау бойынша өңірлермен бірлесіп іске кіріспек.

– Біріншіден, мемлекеттік жүйедегі статистикалық деректерді нақтылап аламыз. Мал шаруашылығындағы, сосын егін шаруашылығындағы деректерді нақтылаймыз. Дақылдарға қатысты жұмыстарды аяқтаймыз, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Жолдау жүктеген тағы бір маңызды міндет – әуе хабтарын дамыту. Қазір көктегі жол арқылы жылына 150 мың тоннаға жуық жүк жөнелтіліп келеді. Президент пәрменінен соң бұл көрсеткіш алдағы 4 жылда екі есеге ұлғайтылмақ. Өңірлердегі әуежайлар жаңартылып, ішкі әуе бағдарын дамытуға айрықша мән беріледі. Айдынды Алакөл мен Балқаш аймағындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылған. Енді Катонқарағай мен Кендірліге апаратын көктегі жолдың жағдайы қолға алынады.

– Көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. 2019 жылы Катон-Қарағайға 9-10 мың турис барған. Өткен жылы олардың саны 40 мыңға өсті. Сол себепті Зайсан, Кендірліде жаңа әуежай салуға тапсырма берді, – деді ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Оқи отырыңыз: Жолдау-2024: ЖОО міндеті - кибер қауіпсіздік саласында маман дайындау

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир