Шымкентте 6 жастағы бала бассейнге құлап, мерт болды

05.07.2022 17:17

Ол ата-анасымен бірге суға түсуге келген

ҚазАқпарат

Шымкентте 6 жастағы бала бассейнге құлап, суға батып кетті. Ол ата-анасымен бірге суға түсуге келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Шанин көшесі бойында орналасқан бассейнде болған. Қас қағым сәтте бала қараусыз қалып, абайсызда суға құлап, батып кеткен. Қазір аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

«Шымкент қаласы ТЖД мамандары жағажайлар мен бассейндердегі сақтық шараларын қатаң сақтауды және балаларды ересек адамның қарауынсыз қалдырмауды ескертеді», - делінген хабарламада.