Ерегістің соңы пышақтасумен аяқталды
Талдықорған қаласының полицейлері зейнеткерді пышақтады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
21 тамыз күні 64 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілген. Жараланған азамат қала тұрғыны екені белгілі болды. Сонымен қатар оның ішімдік ішкені де анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қалалық полицияның жедел уәкілдері пышақ ала жүгірген күдіктіні ұстады.
- 28 жастағы ер адам көшеде өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасқан. Ерегістің соңы төбелеске ұласып, пышақтауға дейін барған. Яғни, күдікті мен жәбірленуші бірін-бірі танымайды. Даудың басы бірінің екіншісіне ескерту жасауынан басталған, – деп хабарлайды Талдықорған қалалық ПБ.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес тергеу амалдары басталды. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Оқи отырыңыз: Құқық қорғау органының қызметкерімін: жұртты алдаған күдікті ұсталды