Алматыда өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған әйел қала тұрғынын алдап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктінің қылмыстық әрекетін Алатау ауданының полицейлері анықтады. Ол жаққа жәбірленушіден алғашқы арыз келіп түскен.
– Оның мәліметінше, 34 жастағы О.есімді азаматша ақшалай сыйақыға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесемін деп уәде берген. Әйел өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, болашақ “үй иесіне” көмектесуге мүмкіндігі бар екендігіне сендірді. Тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас бір эпизод анықталды. Қылмыстық әрекеттің басқа да эпизодтары болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтардан ұсталған адамды таныған жағдайда келесі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 227-55-01; 227-55-02 және 8-775-222-24-51. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.