Полицейлер ішімдікке тойып алып жүйткіген мас жүргізушіні ұстады

11.09.2020 22:05

Ішімдікке сылқия тойып алған ол жылдамдықты асырып, полицияның назарына іліккен

Әкесінің көлігін cұраусыз мініп кеткен павлодарлық жігіт енді заң алдында жауап бермек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішімдікке сылқия тойып алған ол жылдамдықты асырып, полицияның назарына іліккен. Алайда заңды талапқа бағынып тоқтаудың орнына, бой тасаламақ болып, қауіпті жағдай туғызады. Абырой болғанда, тәртіп бұзушының ізіне түсу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Көп ұзамай, мас жүргізуші де құрықталды. Ол Мичурино ауылының 30 жасар тұрғыны болып шықты. Айыптының қандай жазаға тартылатынын, енді аудандық сот шешеді.