Абай даңғылы бойындағы кафеде өрт шықты: ғимаратта 6 газ баллоны сақталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2 қазан күні Алматыдағы Шәріпов 124 мекен-жайында орналасқан «Тмин» кафесі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 2 көлігі жетті. «Алматы» телеарнасының редакциясына тұрғындар бейнежазба жіберіпті, онда кафеден жанбай қалған 6 газ баллонын шығарып жатқаны көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың асүйінен шыққан. Жанып кеткен жердің аумағы мен келген шығын, т.б жайттар қазір анықталуда. Алайда қоғамдық тамақтану орталығы орналасқан үй тұрғындары болған жайттан кейін баллондарды қайтадан ішке кіргізгеніне наразылық танытуда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43