Ақтөбе қаласында рестораннан өрт шығып, көрші орналасқан балабақша ғимаратынан 35 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
«7 тамыз күні сағат 12:16-да «112» құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Астана ауданының Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан «Alefun» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
№ 2 шақырту рангі жарияланды.
Өртті сөндіруге 48 адам мен 12 техника жұмылдырылды.
Шақырту орнына барған кезде мейрамхананың шатыры өртеніп жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер жалынның басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді.
- Мейрамхана жанында орналасқан балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвуакацияланды. Тілсіз жаудың аумағы 280 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Отпен күрес сағат 13:06-да толығымен тоқтатылды. Оқиға себебі анықталып жатыр
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады