Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды
polisia.kz
Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Ақтөбе-Астрахань» тасжолында жол апаты болды. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережесін сақтауға, жолда абай болуға, арақашықтықты сақтауға шақырады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39