"6 адам зардап шекті": Алматыда ірі жол апаты болды
Екі адамның жағдайы ауыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда "Рахат" базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан, деп жазды Sputnik.
Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.
Апат салдарынан 6 адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр.
Оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеуде. Жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34