СҚО-да жыл басынан бері қанша көлік өртенді

СҚО ТЖД
СҚО ТЖД
Жалын мотордан шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында автокөліктегі өрт жиіледі. Былтыр 76 техника өртке оранса, биыл 6 машина, соның ішінде бір жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы 20 жүк көлігі, 54 жеңіл және 2 ауыл шаруашылығы техникасы өртке оранған. Негізгі себеп - қозғалтқыш бөліміндегі қысқа тұйықталу.

17 қаңтарда Петропавлдағы Володаровский көшесі, 75 мекенжайында аулада тұрған Toyota Camry маркалы автомобиль өртенді. Жалын мотордан шыққан.

«Машина орта есеппен 5-10 минут ішінде толық жанып кетеді, сондықтан неғұрлым тезірек өртті сөндіру қажет. Егер көлік түтіндей бастаса, бірден жол жиегіне тоқтау қажет. Киім-кешекпен немесе басқа затпен отты сөндіруге тырыспаңыз, бұл көп жағдайда уақытты ысырап етеді және жарақат алуыңыз мүмкін. Өрт сөндіргішсіз өртті сөндіру мүмкін емес. Оның ағысын жану ошағына бағыттау қажет. Өрт қозғалтқыш бөлімінен шықса, машина капотын біртіндеп және өте мұқият ашу қажет. Жалын лап етпеуі үшін сақтық шарасын ұмытпаңыз. Сіз жалынды брезентпен жауып, құм, топырақ лақтыра аласыз. Көліктің жалындаған бөліктеріне күшпен лақтырылған пластикалық су пакеті де тиімді. Егер сіз майлы киімде болсаңыз немесе бензинмен ластанған болсаңыз, өртті сөндіруге болмайды», - дейді өрт сөндірушілер.

Новости партнеров