Алматы-Өскемен трассасында жол белгісін салып жатқан жұмысшыны көлік қағып өлтірді
Жетісу облысы ПД
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы-Өскемен тасжолының 410-шақырымында Toyota Camry көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан.
Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
«Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады», -деп ескертеді полиция.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
09.10.2026 11:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
09.10.2026 09:15
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17