Нұр-Сұлтандағы «Шабыт» университеті өртенді
Өрттен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордадағы «Шабыт» университетінің бірінші қабаты өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«1 шілде күні кешкі сағат 20:36-да ТЖД-ның «101» пультіне Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Шабыт» университетінің өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт университеттің 1-қабатындағы кабинеттердің бірінен шыққан. Жалын сағат 20:57-те ауыздықталып, сағат 21:03-те толық сөндірілді», – деді ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда қызыл жалынның шығу себебі анықталу үстінде.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 20 адам және қалалық ТЖД-ның 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10