|
02.07.2019 | 09:01
3706

Жетісайлық өгей шеше 4,5 жылға сотталды

Сот Түркістан облысында үш қызды азаптаған өгей анаға үкім шығарды

Жетісайлық өгей шеше 4,5 жылға сотталды  Otyrar.kz

Түркістан облысында өгей қыздарын азаптап келген 28 жастағы келіншек 4,5 жылға сотталды.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі жабық жағдайда қараған болатын. Тілшілерді үкімге де қатыстырмады.

«Астана» арнасына телефон арқылы ақпарат берген төраға Қанатбек Қоңырбаевтың айтуынша, оған жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Ал үш қыз әкесінің қамқорлығында қалыпты. Сотталған әйелдің екі жасқа толмаған ұлы жергілікті білім бөлімінің қамқорлығында. Бүгін сондай-ақ, келіншектің сот процесі кезінде, яғни маусым айында босанғаны белгілі болды. Қылмысы әшкере болған кезде оның айы-күні жақындап қалған болатын.

«Сәби аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қарауына берілді, қамқоршылық мәселесін сол кісілер қарайды. Баланың тағдырын атқару жүйесі, білім бөлімі  шешеді», – дейді Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.

Еске салайық, дүйім жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс Жетісай қаласында сәуір айында ашылды. Кәмелетке толмаған үш қызды өгей шешесінің ұзақ жылдар бойына денесін тістеуікпен қысып, темірмен ұрып, қорлап келгені белгілі болды. Соттың дерегінше, 28 жастағы өгей шеше азаптау процесін 2017 жылдың қыркүйегінен бері үздіксіз істеп келген. Судья мұнан өзге ақпаратты жария етпеді.

Зәбір көрген қыздардың әкесінің жеңгесі, яғни өгей шешенің абысыны отбасыға қатысты біраз шындықты жария еткен еді.

Оның айтуынша, қорлық көрген қыздардың әкесі жағындағы туыстары олардың денесі көгеріп жүретінін бұдан алдын да талай мәрте байқаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир