Алматыда Төле би көшесі жабылады

12.09.2024 13:31

Астана алаңында қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі

elements.envato.com

Қала күнін мерекелеу аясында 14 қыркүйек сағат 16:00-де «Астана» алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сахнада Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren, Adam және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді. Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.

Сондай-ақ «Астана» алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді. Концерт сағат 17:00-де басталады, оған Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және т.б. артистер қатысады.

Ескеретін жайт, 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесінің бойы Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жабылады. Бұл аралықта Астана алаңында қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Түсіністік танытып, жол жүру бағытын алдын ала ойластыруларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала күні тойлана бастады