|
25.10.2022 | 08:31
848

Ер адам жүріп бара жатқан көліктен секіріп көз жұмды

Павлодарлық жедел жәрдем қызметі соңғы үш күнде үш ірі жол апатына шыққан

Ер адам жүріп бара жатқан көліктен секіріп көз жұмды ult.kz

Павлодарлық жедел жәрдем қызметі соңғы үш күнде үш ірі жол апатына шықты. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq-Uni-не сілтеме жасап.

«Алғашқы ірі апат Чернорецк ауылынан 15 шақырым жердегі республикалық тасжолда болды. 23 қазан күні сағат 00:58-де екі көліктің жылқы соққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығының тобы жіберілді. 9 минут ішінде жетті. Өкінішке орай, екі зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады. 29 және 35 жастағы ер адамдар алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы екі науқас 36 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Дәл осы күні Баянауыл ауылынан 25 шақырым жерде үш көлік соқтығысты. 103 желісіне қоңырау 21:07-де түсті, жедел жәрдем 12 минутта жетті.

Апат салдарынан 4 адам зардап шеккен. 51 және 24 жастағы ер адамдар мен 2 және 12 жасар екі бала аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

«22 қазан күні сағат 18:14-те жедел жәрдемге ер адам жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетті деген хабар түсті. Оқиға Солнечный кентінен шыға берісте болған. 103 қызметкерлері 6 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, 44 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол өте ауыр жарақат алған», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир