Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні полицияға хабарласқан әйел ағасының жоғалып кеткенін айтты. 55 жастағы ер адам қаладағы Жоламан көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, қала аумағынан жоғалған адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ҚазАқпарат берген ақпаратта.
Бірқатар медициналық сараптама тағайындалған. Ер адамның өліміне не себеп болғаны соның нәтижесінен кейін анықталады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында сауда үйіне бомба қойылғандығы туралы жалған хабар түскенін хабарлаған едік.