Павлодарда сегізінші қабаттан екі жасар бала құлап кетті

07.09.2022 13:39

Жағдайы өте ауыр

pavon.kz

Ол 2020 жылы дүниеге келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі мәлімдеді.

"Оқыс оқиға М.Жүсіп көшесі, 270-үйде орын алды. Екі жасар бүлдіршін көп қабатты үйдің 8-қабатынан құлады деген қоңырау бүгін сағат 11:17-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті", - делінген хабарламада.

Бүлдіршінге жедел бірінші медициналық көмек көрсетілген. Жағдайын ауыр деп бағалаған дәрігерлер оны бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 

Баланың жағдайына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаға операция жасалған.

"Ішкі қан кету тоқтатылды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр", - дейді баспасөз хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап кетті