Ақтауда 18 жастағы жігіт TikTok түсірем деп суға батып кетті

08.06.2022 13:50

Денесі әлі табылған жоқ

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Ақтауда жас жігіт суға батып кетті. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 18 жастағы жігіт Бейнеу ауданының тумасы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға кеше сағат 16:20-да 15-шағынауданда орын алған.

"Үш жас жігіт TikTok үшін қауіпті жерде видео түсіріп алған. Жігіттер пирстен суға секірген, олардың бірі шыға алмай, суға батып кеткені белгілі болды. Мәйітті екі сүңгуір мен 15 құтқарушы іздеп жатыр", –  деп хабарлайды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

18 жастағы жігіт Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. 3Б шағынауданындағы жатақханада тұрған.