Павлодарда қонақ үй өртеніп, 1 адам зардап шекті

pavlodarnews.kz
pavlodarnews.kz
Нысаннан 220 адам эвакуацияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өрт шыққан "Сарыарқа" қонақ үйінен 200-ден астам адам эвакуацияланып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департамен+тінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"8 желтоқсан күні сағат 3:18-де 101 пультіне Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 1 мекенжайында орналасқан  "Сарыарқа" қонақ үйінің бірінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысаннан 220 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 10 бала бар", - деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишанов.

Оқиға орнына 5 техника мен ТЖД 25 қызметкері жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысы кезекші өрт сөндіру қызметі мен жедел құтқару жұмыстары, медицина және апаттар орталығының қызметкерлері барды. 

Осы өрттен бір адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, ол жанған заттардың түтінінен уланған. 1969 жылы туылған ер адам Павлодар қалалық бірінші ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жау сағат 3:59-да оқшауланып, сағат 4:06-да толықтай жойылды.

Жалын қонақ үйдің жертөлесінде басталған. Үй заттары мен жиһаздар жанған. Өрт жалпы ауданы 8 шаршы метр жерді шарпыған.

Новости партнеров