Алматы облысы Бесағаш ауылында топырақ көшкіні болды

almaty.tv
almaty.tv
Оқиға орнында төтенше жағдай қызметі жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 наурыз сағат 23:00 шамасында Алматы облысы Бесағаш ауылына қарасты, Бурабай шағын ауданында төтенше оқиға тіркелді. Жеке тұрғын үйді топырақ басып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оқиға орны қауіпті аймақ деп белгіленіп, төтенше жағдай қызметкерлері маңайындағы үй тұрғындарын  көшіріп жатыр. Түнгі сағат 23:00 шамасында басталған көшкін әлі де ақырындап жылжып жатыр. Баянауыл көшесінің тұрғыны Алматы телеарнасының тілшісі Әлібек Шынтемірге сұхбат берді.

Тұрғындар сөзінше ауылда осында жағдай төртінші рет тіркеліп отыр. Алайда нақты алдын алу жұмыстары жүргізілмеген, тек жарға бетон қоршау орнатумен ғана шектеліпті.

Тау қыртысы көшуінің негізгі себебі жоғарыдағы үйлердің кәріз құбырға қосылмай, жасанды шұңқырлар қазуынан деп отыр тұрғындар. Екінші себеп жауын-шашын, қардың еруі. Сондықтан жар қыртысы төмен ылдилап, жер үйді басып қалған. 

Зардап шеккендер жоқ, балалар шошынып қалды дейді тұрғындар. Маңайдағы халық қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Оқиға орнына жергілікті әкімдік түнде келіп, кезекшілікке төтенше қызметін қойып кетумен шектелген.

Қазір аймақта үш үй зақымданды. Оның ішінде бір үйді тұтастай топырақ басып қалды. Ауыр масса төмен сырғып,  жылжуын тоқтатқан жоқ. Сол себепті  әлі бірнеше үйді зақымдау қауіпі сақталуда. 

Оқиға орнында "Алматы" телеарнасының тілшісі Әлібек Шынтемір кешеден бері жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында екі ауылдағы көпірді су алды

Новости партнеров