Алматыда заңсыз дәрі-дәрмек дайындаған астыртын цехты ұйымдастырушылар қамалды

Kubnews.ru
Kubnews.ru
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің 100 тонна көлемінде дайын өнім сақталған жалған дәрі-дәрмек жасайтын үлкен астыртын цехті анықтаған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дәрі-дәрмек дайындайтын астыртын цех ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Таяуда комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің 100 тонна көлемінде дайын өнім сақталған жалған дәрі-дәрмек жасайтын үлкен астыртын цехті анықтаған болатын. 

«Осы іс бойынша астыртын цехты ұйымдастырушы, оның көмекшісі және делдал анықталып, ұсталды. 26 шілдеде Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі шараны санкциялады»,  делінген хабарламада. 

Қылмыстық кодекстің 222-бабының 1 бөлімі (тауар белгісін заңсыз пайдалану), 323-бабының 2-бөлімі 1, 3 тармағы (жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу) және 262-бабының 1-бөлімі 2-тармағы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.


Новости партнеров