|
09.12.2021 | 09:03
912

Шымкентте көлік ұрлаған күдікті полиция бөлімінде көз жұмды

1990 жылы дүниеге келген азамат қымбат шетел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде бөлімшеге жеткізілген

Шымкентте көлік ұрлаған күдікті полиция бөлімінде көз жұмды ©️ЭК

Шымкентте қымбат автокөліктерді айдап кету қылмысы бойынша күдікке ілінген жігіт Полиция департаментінде қайтыс болды. Ол жауап алу кезінде өзін нашар сезінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 8 желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, 1990 жылы дүниеге келген азамат қымбат шетел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде бөлімшеге жеткізілген. Алайда жауап алу кезінде ол бірден өзін нашар сезіне бастаған.

"Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылды. Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында оның мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеді. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижесі қосымша хабарланады", – деп жазылған Шымкент қалалық Полиция департаменті берген мәліметте.

Жауап алудан кейінгі кісі өлімі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен прокуратураға хабарланыпты.

Қазіргі таңда азаматтың қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

көлік
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир