Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытында алапат өрт болды

02.05.2023 14:05

Оқиғаның себеп-салдары анықталады

ашық дереккөзден

Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауытындағы өрт 15 сағатқа жуық уақыт бойы сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты. 1 мамыр сағат 15:55 шамасында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенді. Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді. Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Өрт 2 мамыр таңғы сағат 06:20-да толықтай сөндірілді.