|
06.06.2023 | 09:11
1995

Балқашта қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті

5 қабатты үйдің төбесі 2 көлікті басып қалған

Балқашта қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті baigenews.kz

Балқашта дауылға шыдамаған тұрғын үйдің шатыры ұшып, көпті әбігерге салды. Соның салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

5 қабатты үйдің төбесі 2 көлікті басып қалған. Жедел жәрдем алып кеткен азамат сол машиналардың бірінде отырған. Жергілікті атқарушы билік өкілдері науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетілгенін және қазір жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Қазір өңірде әкімдік мамандарынан құрылған комиссия апаттан келген шығын көлемін есептеп жатыр.

«8 сағат ішінде құлаған шатырды жинау жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа 153 адам және 12 арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды», – деді  Балқаш қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир