Алдын ала болжам бойынша, әйел туған күнін тойлатып, ішімдік ішкен
Алтай Республикасының 32 жастағы тұрғыны сәбиін емізіп, уландырып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ntv.ru сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша әйел туған күнін тойлатып, ішімдік ішкен. Туған күннен соң, әдеттегідей, анасы баласын қасына алып жатады. Алайда түнде баласы жылап, ол сәбиін емізеді. Ана сүтінің құрамында алкоголь болғандықтан, 4 айлық сәби уланып қайтыс болған.
Бұл іске қатысты РФ қылмыстық кодексінің 109-бабының 1-бөлігі бойынша (абайсызда адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде аталған іс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.