Өңірлерде дүркіреген той мен ірі көлемде өткізілетін еске алу шаралары азаймай тұр. Түркістан облысында әкесін еске алып, кейіннен 200 адамның қатысуымен көкпар ұйымдастырған кәсіпкер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кентау қаласының тәртіп сақшылары Қарнақ ауылына қарасты жайылымда қызу жүріп жатқан көкпар ойынын тоқтатқан. Мобильдік топ карантин талаптарын сақтамаған және көкпарға қатысқан тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Одан бөлек, ұлттық ойынды ұйымдастырушы кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Облыстық көкпар федерациясының төрағасы Ғани Ахметбаевтың айтуынша, ойынды ұйымдастырған федерация емес, жекелеген адамдар екен. Федерация қызметкерлері көкпар ойыны өтетінінен хабардар болған. Десе де, кәсіпкер тек шағын көлемде өткіземіз деген.