|
15.09.2023 | 09:18
699

Астанада түнгі клубта күзетшілер мен қонақтар арасында жаппай төбелес болды

Жанжал кезінде қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданып, бірнеше рет оқ атқан

Астанада түнгі клубта күзетшілер мен қонақтар арасында жаппай төбелес болды pexels

Жанжал Астананың түнгі клубтарының бірінде, күзетші мен клубқа келуші арасында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі полицияға сілтеме жасап.

Кейінірек «102» арнасына Қарағанды тасжолында жол жиегінде жаппай төбелес жүріп жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 17 адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Төбелеске түнгі клуб күзетшілері мен келушілер қатысқаны белгілі болды. Жанжал кезінде қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданып, бірнеше рет оқ атқан.

Тергеу шаралары барысында полицейлер тегіс ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі.

Аталған қылмысты жасаған күдіктілер Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Петропавл тұрғыны 600-ден астам атуға жарамды патрон сақтаған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир