Қостанай облысында 25 жастағы жігіт досын пышақтап өлтірді

01.07.2019 14:18

Екеуі бірге ішімдік ішкен

Қостанай облысы Қарасу ауданы Восток ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «Алау» облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жастағы жігіттер бірге ішімдік ішкен. Содан соң кенет екеуінің арасында жанжал шыққан.  

«Ер адамдардың бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Ол тап сол жерде тіл тартпай кеткен»,  делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті ұсталған.