Базардан келе жатқан: қалыңдық той қарсаңында жол апатынан көз жұмды

01.07.2019 14:42

Гулрухсор Назарзоданың тойы 28 маусымға жоспарланған екен

27 маусым күні кешке Тәжікстанда тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген қалыңдық жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы «Ахбор» сайты хабарлады.

Трагедия ел астанасы Душанбеден 70 километр жерде орналасқан Нурек қаласында болды. «Мерседес» көлігі қалыңдық отырған «Опель-Астрамен», содан кейін «Лассетимен» соқтығысқан.

Гулрухсор Назарзода көптен күткен тойына дайындық жасап жүрген. Ол сол күні базардан тойға қажетті заттарды, соның ішінде қалыңдық көйлегін сатып алып, үйіне қайтып келе жатқан.

Үйлену тойы 28 маусымға жоспарланған екен. Ал одан бұрын қалыңдық пен күйеу жігіт некеге отыруы тиіс болған.

Жол апаты салдарынан сондай-ақ «Опелдің» жүргізуші көз жұмды, ал қалыңдықтың анасы ауыр жарақат алып, комаға түскен.   

Теги: Жол апаты