Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігінің астына түсіп мерт болды - видео
elements.envato.com
Адам денесін дөңгелек астынан шығару үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге тура келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда мопед жүргізушісі көп тонналық жүк көлігін басып озбақ болғанда қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Iveco жүк көлігі Мөңке би көшесінің оңтүстік жағындағы құрылыс нысанына қарай келе жатып, Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына келгенде оңға бұрылған.
Автобус жолағында келе жатқан мопед жүк көлігін басып озбақ болады.
Мопед Iveco-ға соқтығысып, 20 жастағы жолаушы жол жиегіне ұшып түседі, ал рөлдегі 22 жастағы жігіт жүк көлігі дөңгелектерінің астында қалып қалды. Ол оқиға орнында жан тапсырды. Ал оның қасындағы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Адам денесін дөңгелек астынан алу үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге тура келді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30