Жетісу облысында жүргізушінің кесірінен жолаушы мерт болды

baq.kz
baq.kz
Жапондық шетел көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім-Ынтымақ автожолында рульді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соғылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында көлікті ішімдік ішіп алып жүргізген адамның кесірінен жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

4 сәуірде Панфилов ауданында Mitsubishi Galant автокөлігі көлік апатына ұшырады. Жапондық шетел көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім-Ынтымақ автожолында рульді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соғылған.

Ауруханаға жеткізілген кезде көліктегі 37 жастағы жолаушы қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.

«Анықталғандай, жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған. Бұл медициналық куәландырумен расталады. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Абайсызда адам өліміне алып келген, алкогольдік масаң күйде КК басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзуы) жүргізілуде. Апатқа кінәлі адамды қамауға алу мәселесі қарастырылуда», – деді Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 1 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті.

Новости партнеров