|
24.07.2020 | 09:19
1515

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды  pixabay.com

Сәтбаев қаласында қыз баланы ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер қатысқан іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. 

«Бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Күдікті ұсталды. Бірақ бір топ адам күдіктіні өздеріне беруді талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда»,– делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

оқиға
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир