Жергілікті тұрғындар баланың денесін алып шығып туыстарына тапсырған
Атырау облысында атта отырған бала суға құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 мамырда сағат 15:00 шамасында Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылында болған. Құтқарушыларға 12 жастағы бала абайсызда суға түсіп кеткені туралы хабар түскен. Артынша бала атта отырған сәтінде суға түсіп кеткені анықталды.
15:30-да жергілікті тұрғындар баланың денесін алып шығып туыстарына тапсырған.
Еске салайық, жақында тағы бір бала суға батып кеткен болатын. Құрманғазы ауданында 15 жастағы бала тыйым салынған жерде суға түскен.