Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған
Кентауда 3 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 мамыр күні кешкісін болған. Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 18:10 шамасында Кентау қаласы, Д. Қонаев даңғылы бойындағы 5 қабатты үйдің 4-қабатындағы терезеден кішкентай бала құлағаны туралы хабарлама түскен.
«Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін байқаусызда құлап кеткен. Ол 2020 жылы туған. Қазір ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған. Барлық ата-анаға балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеміз!» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жасөспірім аттан құлап, суға батып кетті