Өскеменде екі ағайынды көршілерін өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 5 сәуір күні Тимофеев көшесіндегі жеке үйде өрт болған. Екі ағайынды өртті байқап, көршілеріне көмекке асыққан. Олар терезені сындырып, үйде қалған екі ер адам мен әйелді оятқан.
"Құтқарушылар ағалы-інілі туысқандар болып шықты: Рафхат Қажахметұлы мен Дастан Елеусізов. Олар үйде адамдар бар екенін білгендіктен, өрт сөндірушілердің келуін күтпеді. Сонымен қатар, екі кейіпкер "көлеңкеде" қалуды жөн санап, өздері туралы егжей-тегжейлі айтудан, суретке түсуден бас тартты", - деп атап өтті ТЖБ.
Оқиға орнына келген №6 ӨСБ өрт сөндірушілері 30 шаршы метр аумақтағы отты сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отты абайсыз қолдану немесе өртеу болды.
Дүниежүзінде коронавирусқа шалдыққандар саны 1,2 млн адамнан асты
Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды