Оралда пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптылардың денесі табылды

04.10.2019 14:21

Жұбайлар жиі ішкен көрінеді

mgorod.kz

Орал қаласындағы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптылардың денесі табылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Пәтер Гагарин көшесінің бойында орналасқан.

Полицияның мәліметінше, олардың денелерінен зорлықпен өлтіру белгілері байқалмаған. Алайда нақты неден өлгені сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады.

Полиция отбасының нашар болғанын атап өтті. Бұл ақпаратты көршілері да растаған. Олардың айтуынша, жұбайлар жиі ішкен көрінеді.

Болған оқиғаны мән-жайын құқық қорғау орындары анықтайды.