Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды

Владислав Воднев
Владислав Воднев
Компания басшылығының кінәсінен төтенше жағдай орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды, деп хабарлайды Almaty.tv 


Компания басшылығының салғырттығы салдарынан багер станциясы қайтадан су астында қалып отыр. Дәл осы жағдай өткен жылдың 5 қарашасында орын алды. Ол кезде қызметкерлердің мазутты дер кезінде сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтіруі нәтижесінде апат ауқымды болмаған еді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілі "бұл жолғы олқылық жылу электр орталығы басшылығының кінәсінен тағы қайталанды" деп отыр. Алайда апаттық жағдай тұрғындарға еш зиян келтірмеген. Штаб мамандары апаттың себептерін анықтап жатыр

Төтенше жағдай жөніндегі штаб өкілдері 4 мотор сорғысы, 4 су асты сорғы іске қосылып, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылған.

"Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Новости партнеров