Атырауда терезеден құлап кеткен егіздердің біреуі көз жұмды

24.kz
24.kz
Оқиға кезінде егіздердің анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда егіз бала көппәтерлі үйдің 3-қабатынан байқаусызда құлап, біреуі оқиға орнында мерт болды. Екінші бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Оның жағдайына қатысты дәрігерлер не дейді? Жалпы, мұндай қайғылы оқиғалар не себептен қайталанады? Тақырыпты мамандармен сұхбаттасқан өңірдегі Almaty.tv тілшісі  Райымбек Сайфолла жалғастырады. 

Оқиға кезінде егіздердің анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелерінде темір тор жоқ. Мұндай оқиғалардың орын алуына ересек адамдардың абайсыздығы себеп дейді мамандар.

«Терезенің жанынан балаларға оңай мініп кетуге мүмкіндік беретін жиһаздарды мүмкіндігінше қоймаған жөн. Ең бастысы балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдырмау керек», – деді Облыстық ТЖД бас маманы Дәурен Берденов.

Оқиға 5 қыркүйек күні болған. 2020 жылғы егіз бүлдіршіннің сыңары сол мезетінде қайтқан, ал ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түскен екінші сәби қазір дәрігерлердің бақылауында.

«2020 жылы туған сәби облыстық балалар ауруханасына бірнеше сынық жарақаттарымен түскен. Орташа ауыр халдегі қол сынығы жарақаты болған. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Балақай бір қалыпқа түсіп келеді», – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әлия Жәмитова.

Жауаптылар 1-қабатта тұратындар да терезеге қорғаныш торын орнатқаны абзал. Ал бүлдіршіндерді терезеге жақын ұстап үйрету өмірлеріне қауіп төндіреді дейді.

Райымбек Сафиолла, Айбек Байзақ «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров